«ҚАЙСАР» ПРЕМЬЕР-ЛИГАҒА ЖОЛДАМА ҰТЫП АЛДЫ
30 қазан күні Қызылордадағы Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионда 2016 жылдың Бірінші Лига маусымындағы клубтардың соңғы матчы «Қайсар» және «Алтай» командалары арасында өтті. Жерлестеріне қолдау көрсетуге ауыр атлеттер Илья Ильин, Александр Зайчиков, футбол ардагерлері және «Дала қасқырлары» фанклубының мыңдаған жанкүйерлері келді.
«Қайсар» бұл маусымда алғаш рет Семейдің «Алтай» командасын 1:0 есебімен жеңді. 12-минутта соғылған жалғыз голдың авторы – жартылай қорғаушы Матич Марушко. Нәтижесінде «Қайсар» 67 ұпай жинап, Қазақстан футболының премьер-лигасына жолдама ұтып алды.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және «Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының» президенті Бағлан Ергешов «Қайсар» ойыншыларын Қазақстан футболының элитасына оралуымен құттықтады.
- Былтырғы маусымның сәтсіз қорытындысынан кейін «Қайсар» премьер-лигада ойнау құқығынан айырылып, алдына үлкен жауапкершілік міндетін қойды. Өйткені 2016 жылғы бірінші лига командаларының деңгейі өте жоғары болды. Біздің қарсыластарымыздың ойынын көре отырып, оған көзіміз анық жетті. Біздің бірнеше қарсылас командамыз жоғары футбол дивизионының қатарына кіруге ұмтылғаны жасырын емес. Кейбір командалардың құрамында халықаралық аренаға шығып жүрген жоғары деңгейлі ойыншылар болды. Сындарлы кезеңде «Қайсар» сыр білдірмеді. Жанкүйерлерінің қолдауын сезінген команда премьер-лигада ойын көрсетуге әбден лайық екендігін дәлелдеді,- деген облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ойыншыларға жаңа жеңістер тіледі.
«Қайсардың» жеңісіне бас бапкері Сұлтан Әбілдаевтың қосқан үлесі зор. Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев атап өткендей, маусымның басында команданы кім алға шығарады деген мәселе туындаған сәтте таңдау белгілі қазақстандық футболшы және бапкер, көп жылдар бойы «Қайсарда» қызмет еткен Сұлтан Әбілдаевқа түсті. Ол осы клубтың капитаны және жетекшісі болды. Әбілдаев өзіне артылған сенімді ақтап, команданы жоғары кәсіби деңгейге шығарды.
Маусым қорытындысы бойынша облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Қайсар» командасына жалпы сомасы 20 млн. теңге болатын сертификат табыстады. Бұдан бөлек, аймақ басшысы клуб ойыншыларын ҚР біріншілігінің медальдарымен марапаттады.
«Қайсардың» капитаны Руслан Сақалбаев өз кезегінде қолдау көрсеткені үшін аймақ басшысына алғысын білдіріп, футболшылардың қолтаңбалары қойылған допты сыйға тартты.