БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІ ФУТБОЛ АЛАҢЫНДА БАС ҚОСТЫ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылғанына 3 жыл толуына» арналған алғаш рет бизнес құрылымдары арасында шағын-футболдан облыстық «Атамекен» Кубогы ұйымдастырылды.
Екі күнге созылған жарыста 20 команда «Атамекен» Кубогын сарапқа салды. Алғаш рет бизнес құрылымдар арасында шағын-футболдан өткізіліп отырған жарысқа Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Евгений Ким, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, облыстық футбол федерациясының президенті Садық Мұстафаев командаларға сәттілік тілеп, салтанатты рәсімін ашып берді. Екі күнге ұласқан жарыс қорытындысы бойынша шағын-футболдан облыстық «Атамекен» Кубогы өз мәресіне жетіп, жеңімпаз, жүлдегер командаларға және белсенділік танытқан ойыншыларға номинациялар табыс етілді. Жеңімпаз және жүлдегер командалар бойынша І орын жеке кәсіпкер "Дәулет"; ІІ орын - "Азамат" ЖШС, ІІІ орын - "БөгенСтройТрансСервис" ЖШС, ал номинациялар бойынша «Ұздік қақпашы» - Досхан Бексейітов, ЖК "Дәулет", «‡здік қорғаушы» - Дулат Абдуғаппаров, "БөгенСтройТрансСервис"; ЖШС, «‡здік шабуылшы» - Елшат Тұрсмуратов, ЖК "Цефея", «‡здік ойыншы» - Асқар Мұстафаев, "Азамат" ЖШ С.
Сонымен қатар, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылғанына 3 жылдығына орай облыс әкімінің орынбасарына және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына естелікке медаль табыстады.
Шара соңында бизнес өкілдері тарапынан алдағы уақытта бұл жарыстың дәстүрлі түрде жалғасын тапса деген тілектері айтылды.