ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Қызылорда қаласында 22-23 қазан күндері қоғам қайраткері, Қармақшы ауданының құрметті азаматы Болатбек Сүлейменовті еске алуға арналған дзюдодан 1997-1998 жылдары туылған жастар арасында дәстүрлі халықаралық турнир өтті.
Биыл он алтыншы мәрте ұйымдастырылған дүбірлі бәсекеге еліміздің он бір облысынан және Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 25 команда, 300 татами шеберлері 16 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды.
Жарыстың салтанатты ашылуында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, дзюдодан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Ержан Байжұманов және Б.Сүлейменов ағайындарының атынан Социалистік Еңбек Ері Сәлима Жұмабекова жарысқа қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, елімізде дзюдо күресінің дамуына зор үлес қосқаны үшін Б.Сүлейменовтың ұлы Сағатбек Сүлейменовке ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің алғыс хаты табысталды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер медаль, диплом, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.