ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ
Малайзияның Пенанг қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Әлем чемпионатында жерлесіміз Евгений Ломанов қола жүлдені еншіледі.
Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальді Евгений салды. Ол 77 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жұлқа көтеруде 140, серпе көтеруде 167 келіні көтеріп, қоссайыста 307 келіні бағындырды.
Қазіргі таңда Евгений Ж.Баћадүр атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың 11 сыныбында оқиды.
Е.Ломановтың жаттықтырушысы Нұржан Смаханов, Арман Абдраев.
Алдағы жоспары – келесі жылы болатын Әлем, Азия чемпионаттарына қатысуға дайындалады.