СЫРДАРИЯДА «АЛТЫН КҮЗ - 2014» СПАРТАКИАДАСЫ ӨТПЕК
9-12 қазан аралығында Сырдария ауданында ауыл спортшыларының XXVIII «Алтын күз - 2014» спартакиадасы басталады. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жарысқа облыстың барлық 7 ауданынан 1000-ға жуық спортшы қатысады. Сайыс спорттың 15 түрінен волейбол, футбол, баскетбол, гандбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, гір спорты, қол күрес, үстел теннисі және президенттік көпсайыс бойынша өткізіледі деп жоспарлануда.
«Алтын күз» спартакиадасы ұлттық спорт түрлерін қайта жаңғыртып, тұрғындар арасында кеңінен насихаттауға, ауыл жастарын достыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеуге мүмкіндік бермек.
Спартакиаданың салтанатты ашылуы 9 қазан күні сағат 18.30-да стадионда болады.
Шынар БЕКБАН