ТАЕКВОНДОДАН ОБЛЫСТЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ
Қызылордада ҚР спорт шебері, 4 рет қара белбеудің иегері В.Пакты еске алуға арналған кадеттер мен жасөспірімдер арасында таеквондодан облыстық біріншілік өтті. Сайыс «Тарлан» бокс кешенінде өтіп, оған 300-ге жуық спортшылар қатысты. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және облыстық WTF таеквондо федерациясының медальдарымен марапатталып, ал үздік номинацияларға дипломдар және сыйлықтар табысталды.
Үздік техникасына Максим Пак, Диас Санжархан және Қуаныш Қазыбек би марапатталды. Жеңіске деген ұмтылысы үшін Байқоңырлық спортшы Нышанбек Ақтілеуов, ал үздік жекпе-жек үшін Арлан Жанділдаев лайық деп танылды. Бұдан бөлек, турнирдің үздік судьясы Абзал Тұраров деп танылса, үздік нокаут номинациясы шиелілік Изнаур Казуевке берілді.
Қатысушы спортшылар шараны ұйымдастырушы облыстық спорт басқармасы мен таеквондо федерациясына және жеке Абай Оразбердинге алғыстарын білдірді.
Шынар БЕКБАН
Қатысушы спортшылар шараны ұйымдастырушы облыстық спорт басқармасы мен таеквондо федерациясына және жеке Абай Оразбердинге алғыстарын білдірді.
Шынар БЕКБАН