СПАРТАКИАДАДА ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ БІРІНШІ ОРЫНДА
Қызылордада облыс әкімінің жүлдесіне арналған ХІХ дәстүрлі мемлекеттік және ведомство қызметкерлері арасында спартакиада өткізілген болатын.
Сайысқа Қызылорда облысындағы басқармалар, аумақтық департаменттер, қала әкімідігі мен қалалық мәслихат командалары барлығы мыңға жуық мемлекеттік және ведомство қызметкерлері қатысып, спорттың 10 түрінен өзара сынға түсті.
Жарысқа Қызылорда қаласы әкімдігінен 67 қызметкер қатысып, Қызылорда қаласы әкімдігінің командасы жалпы командалық есепте 90,5 ұпаймен І орынды жеңіп алды. ІІ орын облыстық салық басқармасының, ІІІ орын облыс әкімі аппаратының үлесінде.