ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЕЛКЕН СПОРТЫНАН ЖАРЫС ӨТЕДІ
8-12 қазан аралығында Қызылорда облысы Арал ауданы Қамбаш көлінде желкен спортынан «Аралдың қайта дамуы» атты ІІ республикалық турнир өтеді.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Арал ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтетін байрақты бәсекеге Астана қаласы, Алматы, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан 4 команда, 40 спортшы қатысады.
Соңғы жылдардың бедерінде бұл спорт түрі елімізде қарқынды дамуда. Бұған дейін, желкенді спорт сайыстары Қапшағай бөгенінде, Балқаш көлінде, Каспий теңізінде өткізілсе, енді олардың қатарына Арал теңізінің аумағы да қосылып отыр.
Аталмыш турнирде ересектер арасында «Луч», «Шағын-Луч» және ұлдар мен қыздар арасында «Оптимист» бағдарламасы бойынша жеңімпаздар анықталады.