WBA ГОЛОВКИННІҢ ЖАҒЫНА ШЫҚТЫ
Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен америкалық Дэниэл Джейкобс арасында өтетін жекпе-жектің келіссөздеріне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабаралйды BNews.kz.
29 қыркүйек күні Джейкобстың командасы WBA-дан алдағы жекпе-жектің гонорарының өздеріне тиесілі үлесін 25-тен 40 пайызға көбейтуді сұрады.
WBA арнайы комиссиясы америкалық тараптың өтінішін қарап шығып, Головкиннің командасы бекіткен үлесті өзгеріссіз қалдырды. Сонымен, WBA суперчемпионы Геннадий Головкинге жекпе-жектен түсетін қаржының 75 пайызы, ал Джейкобске 25 пайызы бұйырады.
WBA ұйымы бұл шешімді өз кодексін негізге ала отырып шығарды. Ұйым өкілдерінің айтуынша, Головкиннің WBA-ға сіңірген еңбегі орасан.+
Айта кетейік, Головкин 2010 жылдың 16 желтоқсанында колумбиялық Нельсон Тапианы нокаутпен ұтып, WBA чемпионы атағын жеңіп алған болатын. Ал суперчемпион белбеуін 2014 жылы иеленді. Жалпы, отандасымыз кәсіпқой бокста 36 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен (33 КО).
Қазір Головкин мен Джейкобстың командалары желтоқсан айында Нью-Йоркте жекпе-жек өткізу жайын талқылап жатыр. Тараптар өзара келісімге келе алмаса, промоутерлік сауда басталады.