ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН ДӘСТҮРЛІ СПАРТАКИАДА АЯҚТАЛДЫ
Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Қызылордада облыс әкімінің жүлдесіне арналған мемлекеттік және ведомство қызметкерлері арасында спартакиада аяқталды.
Биыл он тоғызыншы мәрте ұйымдастырылған жарысқа 23 команда, мыңнан аса мемлекеттік кызметшілер спорттың 10 түрінен сынға түсті.
Спартакиаданың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте екі топ бойынша облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен қала әкімінің аппараты өздерінің мықты екендіктерін дәлелдеді. Екінші орынды 2019 әскери бөлімі мен облыстық салық департаменті, үшінші орынды облыс әкімінің аппараты мен облыстық білім басқармасы еншіледі.
Спорттың әр түрінен жеңіске жеткен және жүлдегер командалар естелік сыйлықтар, дипломдар табысталса, жалпы есепте жеңіске және жүлдеге ие болған командалар ауыспалы кубок, дипломдармен марапатталды.
Шынар БЕКБАН