ХОККЕЙДЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛАДЫ
10 қазан күні «Мұз айдыны» спорт кешенінде 2004 жылы туылған спортшылар арасында шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының бірінші туры басталады.
Жарысқа сегіз команда: «Астана-2» (Астана), «Алматы№18» ұлдар, «Алматы» қыздар, «Каспий» (Ақтау), «Юность -2» (Қарағанды), «Қазақмыс» (Сәтпаев), «Горняк» (Рудный) және «Қайсар» (Қызылорда) командалары қатысады.
Айта кету керек, ел чемпионаты облысымызда алғашқы мәрте өткізілуде. Жарысты ұйымдастырушы Қазақстан шайбалы хоккей федерациясы, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы. Жарыс 16 қазанға дейін жалғасады.