ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Қазалы ауданында ауыл спортшыларының XXX «Алтын күз-2016» облыстық спартакиада бағдарламасы бойынша көкпар, аударыспақ, теңге ілу сайыстары аяқталды.
Мақсаты - Елбасының жыл сайынғы жолдауында атап көрсетілгендей бұқаралық спортты дамыту, ауылдық жерлерде саламатты өмір салтын қалыптастыру, Ұлттық ойындарды халық арасында кеңінен насихаттау және аймақ жастарының ұлттық спортқа қызығушылығын арттыру.
Нәтижесінде көкпардан Жаңақорған ауданы жеңімпаз атанса, Шиелі – екінші, Қармақшы – үшінші орындарды иеленді.
Аударыспақ шеберлері 3 салмақ дәрежесінде сынға түсті. Жаңақорғандықтар өздерінің мықтылықтарын көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алды. Қазалы – күміс, Сырдария – қола жүлделерді иеленді.
Теңге ілу сайысында Жаңақорған көш бастаса, Шиелі - екінші, Сырдария – үшінші орындарды еншіледі.