ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ СТЕНД АТУШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТАБЫСТЫ ӨНЕР КӨРСЕТТІ
27 қыркүйек – 2 қазан аралығында Алматы қаласында стенд атудан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарыста облыстық жоғары спорт шеберлігі және №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептерінің спортшылары төрт медаль олжалап, жалпы командалық есепте екінші орынды иеленді. Бірінші орында – Шымкент, үшінші орында – Алматы қалалары.
Трап және дубль-трап бойынша Айжан Досмағамбетова 2 алтын медальді иеленді. Максим Коломоец дубль-траптан үшінші алтынды қоржынға салса, Виолетта Ягодарова қола жүлдеге қол жеткізді.