ҚАЗАЛЫДА АУЫЛ СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ 30-ШЫ «АЛТЫН КҮЗ» СПАРТАКИАДАСЫ БАСТАЛАДЫ
Үстіміздегі жылдың 6 қазан күні Қазалы ауданында ауыл спортшыларының XXX «Алтын күз-2016» облыстық спартакиадасы басталады. Жарысқа облыстың 7 ауданынан 1000-нан аса спортшы қатысады.
Cайыс спорттың 15 түрінен волейбол, футбол, баскетбол, гандбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, гір спорты, қол күрес, үстел теннисі және президенттік көпсайыс бойынша өтеді.
Мақсаты – бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ауыл спортшыларының рухын көтеру, Елбасы жолдауынан туындайтын шараларды іске асыру. «Алтын күз» ойындары үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі – денешынықтыру клубтарындағы бұқаралық жарыстар, екінші кезеңі – аудандық ойындар 30 тамызға дейін өткізілсе, үшінші кезеңі – ақтық жарыстар 6-9 қазан аралығында өтеді.
Спартакиаданың салтанатты ашылуы 6 қазан сағат 19.00-де орталық алаңда.