ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЭЛИЗАБЕТ ТҰРСЫНБАЕВА ГРАН-ПРИ ДОДАСЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ
Германияның Дрезден қаласында мәнерлеп сырғанаудан жастар Гран-при додасының алтыншы кезеңі аяқталды. Аталмыш бәсекеге 20 елден 28 спортшы қатысты.
Қызылордалық Элизабет Тұрсынбаева еркін бағдарламада үздік нәтиже көрсетіп, қорытындысында 164.79 баллмен (55,31+109.48) күміс жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, Элизабет қыркүйек айында Жапонияда өткен Гран-при додасының төртінші кезеңінде 3-орынды иеленген болатын.
Енді Элизабет 14-19 қазанда Ниццада болатын халықаралық жарысқа қатысуды көздеп отыр.