СЫРДАРИЯДА ВОЛЕЙБОЛДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ
Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде волейболдан 2001-2002 ж.т. жасөспірімдер арасында 18-ші халықаралық турнир өткізілді. Оған еліміздің 8 облысынан 22 команда, 250 спортшы қатысты.
Үш күнге созылған жарыс нәтижесінде Сырдария ауданының командасы 1-орынды иеленіп, осымен 11-ші мәрте жеңімпаз атанды. Екінші орынға Оңтүстік Қазақстан облысының Қарабұлақ, үшінші орынға Павлодар облысының Екібастұз қаласы ие болды. Сонымен қатар Сақыпжан Атаханұлы (Түркістан) «Үздік қорғаушы», Жасур Мырзадавлетов (Қарабұлақ) «Үздік үйлестіруші», Әнуар Қалиев (Павлодар) «Үздік либеро», Егор Кремер (Екібастұз) «Үздік шабуылшы», Дәулет Русланов (Сырдария) «Үздік ойыншы», Ғалымжан Абдраймов (Жаңақорған) «Үздік төреші» болды. Жеңімпаз және жүлдегер командалар грамота, медаль, кубок және ақшалай сыйақымен марапатталды.