ВЕЛОЖАРЫС ЖӘНЕ ЖҮГІРУДЕН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТКІЗІЛДІ
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында қала күні мерекесіне орай, веложарыс және жүгіруден қалалық ашық біріншілік өткізілді. Веложарыс пен жүгіру жаңа көпірден басталып, Тәуелсіздік даңғылы арқылы Есенов көшесіне түсіп, Жахаевқа өтіп, «Нұр Отан» ғимаратының алдында аяқталды. Веложарысқа 500-ден аса, жүгіруге 375 адам қатысты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медаль, диплом және отандық өнім «Dalatex» ерлер жейдесі табысталды.