ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ СУДЬЯЛАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ
Қарағанды облысының «Шахтер» стадионында Қазақстан Республикасының Судьялар одағы VIII спартакиадасының финалдық ойындары өтіп, жеңімпаздар анықталды.
Қорытынды сайыста Қызылорда судьялары мини-футбол, волейбол, үлкен теннис және бильярдтан өз бақтарын сынады.
Республика судьяларының тартысты додасында Қызылорда облысы соттарының судьялар командасы жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтқанда, Сыр судьяларының командасы мини футболдан, волейболдан 1 орынды иеленді. Сонымен бірге, бильярдтан 1 орынды облыстық соттың судьясы Молдабек Ахметов, үлкен теннистен 2 орынды облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Абу Айбек қанжығаларына байлады.
Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Ержан Қарабаев волейбол ойынынан «Үздік ойыншы» номинациясына, Қызылорда қалалық сотының судьясы Әмірхан Жұмабаев «Үздік шабуылшы» номинациясына лайық деп танылды.
Мұндай жарыстар еліміздегі судьялар арасындағы сыйластықпен қатар достықтың одан әрі жандана түсуіне үлесін тигізеді. Біз биік тұғырдан көрінген Қызылорда облысының командасын мәртебелі жеңісімен құттықтаймыз.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі