ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫ ЖАСТАР АРАСЫНДА АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Үндістанның Кочи қаласында дзюдодан жастар арасында өткен Азия чемпионатында жерлестеріміз 1 алтын 2 қола медальмен оралды.
Жалағаш ауданының тумасы Жақсыбек Жеңісбек 60 келі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанды. Ол жарыс барысында үш кездесу өткізіп, үшеуінде де жеңіске жетті. Үстіміздегі жылдың 15-20 қараша айында Қызылордада дзюдодан ересектер арсында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысатын болады.
Сондай-ақ, осы жарыста №1 облыстық олимпиадалық резерв мектебінің тәрбиеленушісі Адия Сайын және облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Салтанат Сұлтанбековалар қола жүлдеге қол жеткізді.
Спортшыларды жарысқа Қален Қалиұлы, Жанарбек Сансызбаев, Арман Молдаханов, Ришат Бурлов, Рамазан Мұстафаев, Дархан Алмаханов және Қайрат Баякеновтер дайындады.