ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ АЛТЫНБЕК - КИКБОКСИНГТЕН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ
Ресейдің Анапа қаласында жастар, кадеттер, ересектер арасында кикбоксингтен Әлем кубогы аяқталды. Кикбоксингтің фулл-контакт, лоу-кик, К-1, лайт-контакт бөлімдері бойынша өткен жарысқа 28 мемлекет қатысты.
Аталмыш жарысқа Қызылорда облысынан 3 спортшы қатысып, үшеуі де жеңіспен оралды. Атап, айтсақ, 75 келі салмақ дәрежесінде лоу-кик бөлімінде сынға түскен Алтынбек Жүнісов (облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі) алтыннан алқа тағынды. Ол 3 кездесу өткізіп, финалда Қырғызстан спортшысын 3:0 есебімен жеңді. Сондай-ақ, кубоктан кейін гала-финал ұйымдастырылып оған Қазақстаннан 5 спортшы қатысты. Оның ішінде Алтынбек лоу-кик бөлімінде жеңімпаз атанып, алтын төсбелгі және сертификатпен марапатталды.
Әлем кубогының К-1 бөлімінде 54 келі салмақта Нұрсұлтан Сапаров (облыстық кикбоксинг федерациясы) күміс жүлдеге ие болды. Ал 86 келі салмақта Ахмедияр Аманжолов (облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі) лоу-кик бөлімінде бақ сынап, шеберлігін шыңдап келді.
Алтынбек енді келесі жылы Бельгияда болатын Әлем чемпионатына дайындалады. Спортшыларды жарысқа Берік Ахметов дайындады.