ҚАЗАҚСТАН КӨШПЕНДІЛЕРДІҢ БҮКІЛӘЛЕМДІК ОЙЫНДАРЫНДА ҮШІНШІ ОРЫН АЛДЫ
Қырғызстан командасы Көшпенділердің бүкіләлемдік ойындарында медальдар саны бойынша көш бастап, бірінші орын алды. Екінші орын Түркіменстан алса, үшінші орынға Қазақстан командасы қол жеткізді, деп жазады РИА Новости.
Көшпенділердің бүкіләлемдік ойындары Қырғызстанда Ыстықкөл жағасында 3-8 қыркүйек аралығында өтті. Жарысқа спорттың 25 түрі бойынша әлемнің 60-тан аса мемлекеті қатысты.
Ойын аясында Ыстықкөл облысы Кырчын жайлауында «Дүние жүзі көшпенділері» этнофестивалі өтті.
«Медаль саны бойынша бірінші орынды Қырғызстан құрамасы алды. Оларда барлығы 79 медаль, оның 25-і алтын. Екінші орынға 15 алтын медаль алған Түркіменстан ие болды. Ал Қазақстан 12 алтын медаль ұтып алып, үшінші орын иеленді», - деп жазылған хабарламада.
Ресей командасы 4-орын алса, одан кейінгі орындарға Әзербайжан мен Иран жайғасты. Спорттың әр түрі бойынша медальды 30 елдің спортшылары иеленді.
Мемлекеттік агенттік директоры Қанат Аманқұловтың айтуынша, Көшпенділердің Бүкіләлемдік ойындарында әлемнің 62 мемлекетінен 1 000 спортшы қатысқан. Оларға жергілікті төрешілермен бірге 60-тан аса шетелдік төрешілер қызмет көрсетті.