КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ 1-ОРЫН АЛУҒА КҮШ САЛАДЫ
Қырғызстанның Чолпан Ата қаласында өтіп жатқан ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ елі бірінші орын алу үшін бар күшін салады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық спорт түрлері басқармасының басшысы Мақсат Қойшыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Спортшыларымыздың дайындығы өте жақсы. 2014 жылы өткен І Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ елі жалпыкомандалық есепте 2-ші орын алған болатын. Бірақ, ол кезде қырғыз бауырларымыз екі құрамамен өнер көрсетті. Осы жылы жақсы нәтиже көрсетеміз деп үміттенеміз. Жалпы, қырғыз бен қазақ елдерінің ұлттық спорт түрлері өте ұқсас. Сондықтан Қазақстан құрамасы осы жарыста барлық спорт түрінен жүлделі орынға таласады. Ал жалпыкомандалық есепте біз бірінші және екінші орындарға таласатын боламыз», - деді ол.
Сонымен қатар Мақсат Қойшыбаев қазақ атлеттерінің қандай спорт түрлерін жеңімпаз атану мүмкіндігі жоғары екендігіне тоқталды.
«Қазақстан құрамасы ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 21 спорт түрінен бағын сынайда. Ал жалпы бағдарламада 23 спорт түрі бар. Біздің құраманың жалпы саны – 129. Яғни, оның ішінде бапкерлер, төрешілер мен спортшылар бар. Дүбірлі додада 75 қазақстандық атлет ел намысын қорғайды. Аударыспақ, көкпар, тоғызқұмалақ, жамба ату, бүркіт салу, ат жарысы осы спорт түрлерінен біздің команда мықты болып саналады», - деп түйіндеді сөзін Ұлттық спорт түрлері басқармасының басшысы.
Айта кетейік, кеше Қазақстан құрамасы қазақ күресінен жалпыкомандалық есепте бірінші орынға (4 алтын, 1 күміс) ие болды. Жарысқа 21 мемлекеттен 60 балуан қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстанның Чолпан Ата қаласында ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтіп жатыр. Жаһандық жарысқа 58-ден астам елдің 600 жүзге тарта спортшысы қатысуда. Олар 25 спорт түрінен бақ сынайды. Халықаралық іргелі шара туралы жаһанның 35 елінен көптеген белгілі ақпарат құралдары хабар таратуда. Дүбірлі додада Қазақстанның намысын 75 спортшы қорғайды.
ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойыны 9 қыркүйек күні аяқталады.