ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНАН СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Алматы қаласында мектеп оқушылары арасында байдарка мен каноэде есуден «Жылдам қайық» атты ҚР біріншілігі аяқталды. Еліміздің он бір облысынан келген 1999, 2000, 2001 жылдары туылған және одан кіші жастағы есушілер арасындағы сайысқа 170-тен аса спортшы қатысты.
Аталмыш жарыста Қызылорда облысының спортшылары жақсы өнер көрсете білді. Қазақстан біріншілігінен жақсы нәтиже көрсетіп келген жерлестеріміз спорт шеберлігіне үміткер нормативін орындады. №5 облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде тәлім алатын спортшыларды жарысқа Диана Хазиева дайындады.
Айта кетейік, облысымызда аталмыш спорт түрінің ашылғанына небәрі 1,5 жыл болса да тынымсыз еңбек пен тұрақты дайындықтың арқасында спортшылар осындай жетістікке қол жеткізіп отыр.
Сондай-ақ, осы жарыстан кейін Алматы қаласында 1996-1997 жылдары туылған байдарка мен каноэде есуден жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатында каноэде есуден Айгүл Атавлиева жекелей сындағы 200 және 500 метрлік бәйгеде екінші болып келсе, ұлдар арасында Нұржан Рахымов жекелей сында 200 м, 500 м және 1000 метрлік бәйгеде үш күміс жүлдені иеленді. Ал 200 м қашықтықта жұптасып ескек есуде 3-орынды қанағат тұтты.