ГҮЗЕЛ МАНЮРОВА – РИО ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ
Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында әйелдер күресінен 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Гүзел Манюрова канадалық Эрика Уибемеден айласын асыра алмады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Қос қарсылас арасындағы белдесу аса тартысты өтті. Бірінші кезеңді Эрика 2 ұпай еншілеп, Гүзелден басым түсті. Екінші кезеңде канадалық балуан 4 ұпайға қол жеткізді. Қорытынды есеп 4:0. Манюрова Қазақстанға бесінші күмісті сыйлады.
Осыған дейін Манюрова Венгрия балуаны Жанетт Неметті, одан кейін ширек финалда камерундық Аннабель Әлиді жеңген. Ал жартылай финалда Гүзел ресейлік Екатерина Букинадан кездесу аяқталуына 8 секунд қалған сәтте жеңісті жұлып алды.
Естеріңізге сала кетейік, 2004 жылы Афины ОлимпиадасындаГүзел Манюрова Ресей құрамасы сапында күміс жүлдегер атанған. Ал 2012 жылы Лондонда Қазақстан атынан шығып, қола медаль еншілеген.
Айта кетейік, осыған дейін Екатерина Ларионова АҚШ балуанын жеңіп, (63 келі) Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы 3 алтын, 5 күміс, 7 қоламен жалпыкомандалық есепте 19-шы орында тұр.