АЙНҰР ЕСБЕРГЕНОВА 1/8 ФИНАЛДА ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ
Қазақстандық тхэквандошы, біздің жерлесіміз 7:18 есебімен хорватиялық қарсыласына ұтылып қалды, деп хабарлайды Қазақпарат Prosportkz.kz-ке сілтеме жасап.
Есбергенова бірінші кездесуінде-ақ Люция Заниновичке қарсы шықты. Хорватялық тхэквандошы Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, Еуропа чемпионатының үш дүркін чемпионы, Еуропа ойындары мен әлем чепионатының қола жүлдегері екенін айта кету керек. 18 жастағы Айнұр үшін бұл үлкен сынақ болғаны анық.
Бірінші раундта тең түскен тхэквандошылар, екінші кезеңде аңдыспай ұрысқа шықты. Екінші кезеңде Люция 0:6 есебімен жеңіп кетті. Үшінші кезеңде Заниновичтың тәжірибесі кәдеге жарап, 1:6 есебімен Айнұрды қапы қалдырды. Қорытынды есеп - 7:18. Кездесу хорватиялық спортшының пайдасына шешілді.
Дегенмен, бұл Айнұр үшін тәжірибе алаңы болды десек, артық айтқанымыз емес. Жас спортшының алар асуы әлі алда екеніне сенім басым.