САША ЕҢ АЛДЫМЕН НАҒАШЫ АТАСЫНА ХАБАРЛАСЫП ЖҮЛДЕСІН ТАРТУ ЕТТІ - АЛЕКСАНДР ЗАЙЧИКОВТЫҢ ӘКЕСІ
Төрткүл дүние көз тіккен Рио-де-Жанейро Олимпиадасында Сыр өңірінің тағы бір толағайы, зілтемірші Александр Зайчиков қоланы қоржынға салды. Ел болып қуанып жатқан тұста ҚазАқпарат ХАА Қызылорда облысындағы тілшісі жүлдегердің отбасында болып, оның әкесіне бірнеше сауал қойған еді.
-Виталий Анатолевич, өткен түнді ұйқысыз өткізген боларсыздар?
-Қалай ғана ұйқы болсын. Сашаның нағашы атасы Виктор Александрович бастаған ағайындар мен достары телеарна алдында отырып таңды атырдық қой. Қуанышымызда да, қобалжуымызда да шек болған жоқ. Рио жері мен Қызылорда арасында 9 сағаттық айырма бар. Ол жақтың ауасы біздегідей құрғақ емес. Осының бәрі спортшыға әсер етпей қоймайды. Алайда осыған қарамастан біздің Александр ерледі ғой. Қандай қиындықтар кездескенін, төрешілер тарапынан жасалған қысастық-бәрін өзіңіз де көрген боларсыз.
-Саша әу бастан-ақ зілтемірші болғысы келді ме?
-Ол бала күнінен-ақ қолды-аяққа тұрмайтын ширақ болып өсті. Осы қасиетін сырт қараған адам оны балалар арасынан бірден байқайтын. Бір күні бір ересек адам тереземізді қақты. Есік ашсам Александрды ертіп алыпты. Балам бірдеңе бүлдірген екен деп қысыла бастадым. Ғалым деген азамат болып шықты. Сашаның сыртынан бақылап жүріп, бүгін грек-рим күресіне қатысуына бізден рұқсат сұрай келіпті. Ол бұған дейін де каратэ, велоспорт, футбол, баскетбол сияқты бірақатар спорт түрлеріне барған еді. Бала бойындағы тасыған энергия әлденеге ұрындырмасын деп келісім бердік. Біздің мақсатымыз - спортқа қатысса уақыты бөлінеді, сосын тәрбиесі жақсы болады деп ойладық ол кезде.
-Классикалық күрестен зілтемірге қалай ауысып жүр?
-Күреспен айналысып жүргенінде бүгінгі бапкері Арман Абдраев көріп зілтемірге шақырады. Дене бітіміне қарап қызықса керек. Сөйтіп оның соңғы тоқтағаны осы спорт түрі болды.
- Қазақ тілін бір қазақтан кем білмейді, осының сырын айтып берсеңіз?
- Қазақ тілін балалармен ойнап жүріп үйренген болар дейтінбіз. Ал оның осынша таза сөйлейтінін біз тек кейіннен ғана білдік. Бапкері Арман оны қаламыздағы Ж.Баһадүр атындағы спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта оқуына кеңес берді. Ол жерде барлық пән қазақ тілінде ғана жүретін еді. Соған қиналатын шығар дедік. Бір қызығы, Саша ол жақта да барлық пәндерді қазақ балаларымен бірдей оқып, ойдағыдай бітіріп шықты.
-Балаңыз атақты спортшыға айналды. Ал атақты адамдардың бос уақытында немен айналысатыны жұртты қызықтырады...
-Жаттығулардан бос уақыт онда аз болады ғой. Дегенмен қолы қалт етіп босаса балық аулау мен аңға шыққанды ұнатады. Өзіңіз үйге кіріп келе жатқанда аңшы итін байқаған боларсыз. Оны Саша Өскеменнен арнайы әкелді. Аты «Лола».
-Төрешілер күмістен қаққанмен, Александр қоланы қолынан шығарған жоқ. Жеңісті сәттен соң отбасында алғашқы болып кімге хабарласты?
-Оның жеңісін алғаш болып жанында Риода бірге жүрген анасы Маргарита Викторовна көрген болар. Отбасында бірінші болып нағашы атасы Виктор Александровичке хабарласып, «бұл сіздің туған күніңізге тартуым» деді. Олай етер себебі де бар. Осы түні нағашы атасы 69 жасқа толды. Немересінің жеңісін көріп көзіне жас алып қуанды.
-Сашаның күміске қолы жетіп тұрғанда, яғни төрешілер оның көтергенін есептеп, сәлден соң тайқып кеткенде ауыр болған шығар?
-Спортта балалары жүрген ата-аналар мұндай жағдайдың қаншалықты ауыр екенін жақсы түсінеді. Әрбір салмақты көтеруге шыққанда онымен бірге көтеріп тұрғандай әсерде боласың. Осыдан кейін-ақ, менің жай-күйімді біле берсесің. АҚШ-та әлем чемпионы болғанда да осындай күй кешкенбіз. Жалпы ата-ана қандай жарыс болмасын оңай болмайды.
Түйін: Аз ғана уақытта бірқыдыру әңгіменің тиегін ағытып үлгірдік. Сұхбатта айтылғанның бәрі қағаз бетіне түсе бермейді ғой. Оның үстіне, біздің батырдың әкесі Виталий Анатолевич аса қарапайым кісі екен. Александрдың өзі келмей суретке түспеймін деп келісімін бермеді. Қолға түскен бірлі-жарлы суретті қанағат тұтып қайттық.