ЖАҢАҚОРҒАНДА БЕС КҮНГЕ СОЗЫЛАТЫН ДҮБІРЛІ ДОДА БАСТАЛДЫ
Кеше Жаңақорған ауданында Қазақстан Республикасының жастар арасындағы дүбірлі дода салтанатты түрде жалауын көтерді. Аудан орталығында Ұлттық ат спорты түрлерінен жастар арасындағы ел чемпионаты басталды.
Аудан әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл командалық көкпардан - X, аударыспақтан – X, теңге ілуден – VIII және жамбы атудан - I жастар арасындағы республикалық чемпионат болып саналады. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығы, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Жаңақорған ауданының әкімдігінің ұйымдастыруымен басталған чемпионаттың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Н.Әлібаев, ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының вице-президенті М.Мәмбетов, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Р.Сәттібаев сөз сөйлеп, байрақты бәсекені салтанатты түрде ашып берді. Мұнан кейін ел ағасы З.Шермағамбетов шабандоздарға сәттілік тілеп, ақ батасын арнады.
Айта кетейік, аталмыш чемпионат 30-қыркүйектен, қазан айының 5-сі аралығында Жаңақорған кентіндегі Әлімкөл аумағындағы атшабарда жалғасады.
Шынар БЕКБАН