РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдарының қызметкерлері арасында спартакиада өтті.
Спартакиада шағын футбол, волейбол, эстафета, арқан тарту, шахмат сияқты спорт түрлерін қамтыды. Сайыс нәтижесінде жалпыкомандалық есеппен ХҚКО топ жарып, 1-орынды канжығаға байлады. Жеңімпаздарға кубоктар мен дипломдар табыс етілді.
Енді жеңімпаз команда алда өтетін республикалық спартакиадаға қатысады.