ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Кеше Жаңақорған ауданында көкпар, аударыспақ, теңге ілу мен жамбы атудан Қазақстан Республикасының V чемпионаты басталды.
Оған Алматы қаласы, Ақтөбе, Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 8 команда қатысуда. Жарысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығы, Қызылорда облысының дене дене шынықтыру және спорт басқармасы, Жаңақорған ауданының әкімдігі ұйымдастыруда.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер медаль, кубок, дипломдармен марапатталады. Ел чемпионаты 13 тамыз күні қорытындыланады.
Айта кетейік, облыста жасөспірімдер арасында бірінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа спортшыларымыз алғашқы рет бақтарын сынауда.