2020 ЖЫЛҒЫ ОЛИМПИАДА БАҒДАРЛАМАСЫ СПОРТТЫҢ БЕС ТҮРІМЕН ТОЛЫҚТЫ
Халықаралық олимпиада комитеті 2020 жылы өтетін жазғы Олимпиада бағдарламасына спорттың 5 түрін қосты, деп хабарлайды BNews.kz.
Осылайша төрт жылдан кейін Токиода жалауын желбірететін Олимпиада ойындары спорттың бес түрімен толықпақ.
ХОК шешіміне сәйкес, 2020 жылы өтетін ойындар бағдарламасына каратэ, серфинг, бейсбол/софтбол, құзға өрмелеу және скейтбординг қосылады.
Жаңа спорт түрлерімен қоса Олимпиадада сарапқа салынатын медаль жиынтығы да артпақ.
Жағымды жаңалық лезде жаһанға тарады. Халықаралық олимпиада комитетінің шешімін естіген спорт жанашырлары бір-бірінен сүйінші сұрап, қуаныштарымен бөлісуде. ҚР ММА федерациясының құрметті президенті, саясаттанушы Ерлан Қарин фейсбуктегі парақшасында каратэмен әуестенетін барша жандарды тарихи оқиғамен құттықтады.
«Каратэ 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына кірді! Каратэ мен шығыс жекпе-жегіне қызығатын барша жандарды, әсіресе елімізде каратэнің дамуына аянбай үлесін қосып келе жатқан Жасталап Санауовты осындай тарихи оқиғамен құттықтаймын!», - деп жазған ол парақшасында.