АЛЕКСЕЙ НИ: ЧЕМПИОНДАРЫМЫЗ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСПАСА ДА, МЕДАЛЬ АЛАМЫЗ
Чемпиондарымыз Олимпиадаға қатыспаса да, медаль аламыз. Бұл туралы ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Ни Риодағы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында мәлім етті.
«Чемпиондарымыз (Илья Ильин, Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова - агенттік) Олимпиадаға қатыспаса да, медаль аламыз. Бүгінгі Риоға келген құрамамыз да жаман емес. Ең бастысы спортшыларымыз жарысқа дейін жаттығу кезінде жарақат алып қалмаса болды. Лондонда 4 алтын алған чемпиондарымыздың Риоға келе алмағаны әрине өкінішті. Бұл жолы басқа атлеттеріміз медаль әпереді. Бұрынғы мықтылары жоқ екен деп ауыр атлеттерді назардан шығаруға болмайды», - деп атап өтті Ни.
Сонымен қатар ол допинг дауын ойлағысы келмейтінін, ойлайтын уақыты да жоқ екенін ашып айтты.
«Тілшілерге жақындап кетсем, бірден допинг дауын сұрайды. Менде қазір ол туралы айтатын, ойланатын уақытым жоқ. Ойлағымда келіп жүрген жоқ. Қазір бар ойлайтыным Рио Олимпиадасы. Спортшыларымды жарысқа қалай шығарамын, кімнің күші қанша көтеруге жетеді, жарыс кезінде кімге қанша салмақ көтеруге тапсырыс берем деп сонымен ойланып жүрмін», - деді ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері.
Естеріңізге сала кетейік, Рио Олимпиадасында ауыр атлеттеріміз 6 тамыз күні сағат 19:00-де (Астана уақытыбойынша 7 тамыз таңғы сағат 04:00) жарыстарын бастайды. Бұл күні әйелдер арасындағы бәсекеде 48 келідегі қызымыз М. Елисеева өнер көрсетеді.
Ал жарыстың екінші күні сағат 19:00-де (Астана уақыты бойынша 8 тамыз таңғы сағат 04:00) ерлер арасында 56 келі салмақтағы легионеріміз А.Чонтей ел намысын қорғайды.
Тамыздың 8-і күні сағат 19:00-де (Астана уақыты бойынша 9 тамыз таңғы сағат 04:00) тағы бір легионер, ауыр атлетіміз 62 келі салмақтағы Ф.Харкидің зілтемірді қалай көтергенін көретін боламыз.
Тамыздың 9-ы күні сағат 15:30-да (Астана уақыты бойынша 10 тамыз сағат 00:30) 63 келі салмақтағы ауыр атлет қызымыз Л. Горичеваның өнерін тамашалаймыз.
Тамыздың 10-ы күні 15:30-да (Астана уақыты бойынша 11 тамыз сағат 00:30) қазақтың қаракөз қызы Ж.Жаппарқұл 69 келі салмақта ел намысын қорғайды. Осы күні кешкі сағат 19:00-де (Астана уақыты бойынша 11 тамыз таңғы сағат 04:00) 77 келіде ерлер арасында Н.Рахимов сынға түседі.
Тамыздың 12-і күні сағат 19:00-де (Астана уақыты бойынша 13 тамыз таңғы сағат 04:00) ерлер арасында 85 келі салмақта Д.Ұланов өз өнерін паш етеді.
Ауыр атлеттеріміздің бәсекесі үш күн үзілістен кейін, яғни тамыздың 15-і күні қайта жалғасады. Бұл күні сағат 19:00-де (Астана уақыты бойынша 16 тамыз таңғы сағат 04:00) +105 келі салмақтағы зілтеміршіміз қызылордалық А.Зайчиков ел намысын қорғайды.