ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ЖУРНАЛИСТЕРІ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
Шымкентте Алаш ардақтылары, белгiлi қоғам қайраткерлері Тұрар Рысқұлов пен Сұлтанбек Қожановтың 120 жылдығы мен «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің 90 жылдығына орай бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында шағын футболдан республикалық турнир өтті. Ала доп бәсекесінде қызылордалық қаламгерлері үздік үштіктен көрінді.
Турнирге еліміздің оңтүстік өңірлерінен 9 команда қатысты. Қызылордалықтар «Б» тобында өнер көрсетті. Сыр қаламгерлері алғашқы кездесуін «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының ұжымына қарсы өткізді. Бұл матч 4:1 есебімен қызылордалықтардың пайдасына шешілді. Осы жеңістен кейін алаңға бой үйреткен Сыр журналистері екінші кездесуде мерейтой иелері «Оңтүстік Қазақстан» газетін 7:0 есебімен ойсырата жеңді. Топтағы соңғы ойында «ОҚО Журналистер Одағы» командасынан 3:1 есебімен басым түсті. Осылайша қызылордалықтар 9 ұпаймен «Б» тобының көшін бастады.
Жартылай финалда Қызылорда мен Алматы командалары кездесті. Футбол лотореясында алматылықтардың жолы болды. Үшінші орын үшін таласта қызылордалықтар «ОҚО Журналистер Одағы» командасын 1:0 есебімен жеңді. Қызылорда командасының сапынан Әділбек Жақанов турнирдің «үздік шабуылшысы» атанды.