МАРИНА ВОЛЬНОВА АЗИАДАДА ҚОЛА ЖҮЛДЕ ЕНШІЛЕДІ
Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында әйелдер арасында бокстан жартылай финалдық кездесулер өтті, деп хабарлайды Sports.kz.
Қазақстандық Марина Вольнова 1 /2 финалдың алғашқы жекпе-жегінде КХДР спортшысы Унхуй Янгтен 0:3 есебімен ұтылып, қола медальды қанағат тұтты. Бұл осымен Қазақстан қоржынына түскен 23-ші қола жүлде (біздің құраманың активінде барлығы 54 медаль болды).
Солтүстіккорейліктің финалда кездесетін қарсыласы қытайлық Кьян Ли мен үндістандық Рани Руджа арасында өтетін жекпе-жектен кейін анықталады.
Ақтық сын ертең өтеді.