РИО ОЛИМПИАДАСЫН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮШ ТЕЛЕАРНА КӨРСЕТЕДІ
Қазақстандық KazSport, "Хабар" және "Қазақстан" телеарналары Рио Олимпиадасын көрсетеді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Kazsport телеарнасының директоры Павел Цыбулин мәлімдеді. Оның айтуынша, осы жолы трансляциялар саны рекорд жаңартады деп күтіліп отыр.
"Келіссөздер қиын болды, сондықтан барлығы соңғы сәтте шешілді, - дейді Цыбулин. - Трансляциялар саны дәл осылай көп болған емес. 220-дан аса таратылым болады. Олимпиада ойындары кезеңінде Kazsport телеарнасы 24 сағаттық таратылымға өтеді. Тәулігіне 15-17 сағат тікелей эфир болады. Көрермендер мүмкіндігі болса теледидарды тіпті сөндірмей көре алады. Бұл қазақстандық телевизияда тұңғыш рет болып отыр, мұның барлығы Kazsport телеарнасының ашылуының арқасында, біз қазақстандық барлық атлеттің өнерін көрсетеміз".
Еске салайық, Қазақстаннан Олимпиадаға 104 спортшы барады. 2016 жылғы Олимпиада 5-21 тамыз аралығында Рио-де-Жанейрода өтеді.