ХОК 2022 ЖЫЛҒЫ ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДАНЫҢ ӨТКІЗІЛЕТІН ОРНЫН ТАҢДАЙТЫН КОМИССИЯ ҚҰРАМЫН ЖАРИЯЛАДЫ
Халықаралық олимпиада комитеті 2022 жылғы қысқы Олимпиаданың өткізілетін орнын таңдайтын бағалау комиссиясының толық құрамын жариялады, деп хабарлайды BNews.kz.
Комиссияға Ресей Олимпиада комитетінің президенті Александр Жуков төрағалық етеді. Комиссия құрамына екі америкалық азамат кірді. Олар Халықаралық қысқы спорт түрлері федерациялары қауымдастығының өкілі Дуайт Белл мен ХОК-тың инфрақұрылым жөніндегі кеңесшісі Грант Томас. Дуайт Белл бұған дейін осыған ұқсас процеске қатысты. Ол кезде Сочи қаласы 2014 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге лайықты деп таңдалған болатын.