АЗИАДАДА АЛТЫН «ЖАУҒАН» КҮН
Азия ойындарының 10-күні Қазақстан құрамасы үшін сәтті өтті. Спортшыларымыз алдарына жан салмай, бір күн ішінде 13 медаль иеленді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Атлеттеріміз бір күнде 6 алтын, 5 күміс және 2 қола иеленіп, бұл күн Қазақстанның спорт тарихында «алтын жауған күн» деген атпен қалатындай рекорд орнатты. Байдаркада және каноэде есу спотынан ұлттық құрама спортшылары 10 медаль иеленсе, оның 5-еуі алтын. Тағы бір алтынды жағажай спортынан ерлер жұбы және 2 күмісті еркін күрестегі балуандарымыз алып берді.
Сонымен, Қазақстан құрамасы 10-күннің қорытындысы бойынша 53 медальмен (15 алтын, 16 күміс және 22 қола) 4-орында келеді. Бесінші орынға Иран құрамасы көтерілді (10-11-8), ал Солтүстік Корея құрамасы 8 алтын, 8 күміс және 10 қоламен 5-орында қалып қойды.
Жарыстың 10-күні медаль иеленген спортшылар.

«Алтын»
Евгений Алексеев және Алексей Дергунов (Байдарка, ерлер жұбы, 1000 метр);
Михаил және Тимофей Емельяновтар (Каноэ, ерлер жұбы, 1000 метр);
Наталья Сергеева және Ирина Подойникова (Байдарка, әйелдер жұбы, 500 метр);
Инна Клинова (Байдарка, жеке, 200 метр);
Илья Голендов, Дәулет Сұлтанбеков, Андрей Ергучов, Александр Емельянов (Байдарка, ерлер төрттігі, 1000 метр);
Александр Дьяченко, Алексей Сидоренко (Жағажай волейболы);
«Күміс»
Сергей Емельянов (Каноэ, жеке, 1000 метр);
Наталья Сергеева (Каноэ, жеке, 500 метр);
Евгений Алексеев, Алексей Дергунов (Байдарка, ерлер жұбы, 200 метр);
Есболат Нұржұмбаев (Еркін күрес, ерлер 86 келіге дейін);
Дәулет Шабанбай (Еркін күрес, ерлер 125 келіге дейін);
«Қола»
Юрий Березинцев (Байдарка, жеке, 1000 метр);
Екатерина Кальтенбергер, Кристина Абсинская, Зоя Ананченко, Ирина Подойникова (Байдарка, әйелдер төрттігі, 500 метр).