ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ДОП ДОДАСЫ
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ұйымдастыруымен тәуелсіздіктің 25 жылдығына және кеден және салық органдарының құрылғанына 25 жыл толуына орай облыстың құқық қорғау органдары арасында шағын футболдан турнир өтті.
Турнирге Қызылорда облысының ішкі істер департаменті, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің №2019 әскери бөлімі, Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті, Қызылорда облысының қылмыстық атқару жүйесі департаменті, Ұлттық Ұлан гвардиясының №5547 әскери бөлімі және Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командалары қатысты.
Аяқ доптан облыстың мықты командалары қатысқан бұл додада бірінші орынды Мемлекеттік кірістиер департаментінің жігіттері жеңіп алды. Екінші жүлдеге ие болған ҚР ҰҚК Шекара қызметінің №2019 әскери бөлімі, ал Ұлттық Ұлан гвардиясының №5547 әскери бөлімі - үшінші орында.
Жеңімпаз команданың қақпашысы – Экономикалық тергеу қызметінің офицері Нұржан Қалиев – турнирдің «Үздік қақпашысы» атағын иемденді. «Үздік шабуылшы» болып Дастан саркулов, «Үздік ойыншы» болып Ғалымжан мақатаев танылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бірінші, екінші, үшінші дәрежелі кубоктармен бірге бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына, сонымен қатар кеден және салық органдарының құрылғанына ширек ғасыр толуына арналған мерекелік шаралар жалғасын табатын болады.
Бақыт ОРДАНОВА,
Қызылорда облысы бойынша МКД бас маманы