«СЫР МЕДИА» КОМАНДАСЫ ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГЫН ИЕЛЕНДІ
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қызылордалық БАҚ қызметкерлері шағын футболдан Қармақшы ауданы әкімінің кубогы сарапқа салды, - деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметінен.
Бірінші рет ұйымдастырылған турнирге республикалық, облыстық, қалалық телеарналардан, баспасөз өкілдерінен барлығы 7 команда қатысты. Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов қатысушыларға сәттілік тіледі.
Тартысты өткен турнирде «Сыр медиа» командасы топ жарса, ІІ орынға «Қазақстан-Қызылорда», ІІІ орынға «Меншікті тілшілер» командасы тұрақтады. Жақсы өнер көрсеткендер «Үздік шабуылшы», «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы» және «Үздік қақпашы» номинацияларымен марапатталып, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудан әкімінің кубогы мен бағалы сыйлықтарын иеленді.