ЖАҚСЫБЕК ЖЕҢІСБЕК – ДЗЮДОДАН 6-ШЫ МӘРТЕ ЕУРОПА КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ
Венгрияның Пакш қаласында дзюдодан жастар арасында өткен Еуропа кубогында Қызылорда облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушісі Жақсыбек Жеңісбек 1-орын иеленді.
60 келі салмақта сынға түскен Жақсыбек жарыс барысында Венгрия, Австрия, Болгария, Қазақстан және Германия елдерінің спортшыларынан басым түсіп, 6-шы мәрте жеңімпаз атанып отыр.
Оның алдағы мақсаты – қыркүйек айында Үндістанның Дели қаласында жастар арасында өтетін Азия чемпионатында топ жару. Ол осы жарыстан кейін ересектер арасында өнер көрсетеді.
Сондай-ақ осы салмақта тағы бір жерлесіміз Бауыржан Жауынтаев (№1ОРМБЖМ) қола жүлдені иеленді.