«АЗИЯ БАЛАЛАРЫ» VI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЙЫНДАРЫНДА ЕЛІМІЗДІҢ ҚҰРАМАСЫ ҮШІНШІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ
Ресейдің Якутия аймағында 6-16 шілде аралығында ұйымдастырылған «Азия балалары» VI Халықаралық ойындары аяқталды, - деп жазады «Бньюс».
Шараның жабылу салтанаты «Тумаада» стадионында өтіп, онда көрермендер жеңімпаздар мен жүлдегерлерге құрмет көрсетті.
Биылғы «Азия балалары» ойындарына 35 шетелдік команда және Ресей аймақтарынан 8 команда, барлығы 2841 жас спортшы қатысты.
Жарыс 22 спорт түрінен өтті. Атап айтқанда: баскетбол, бокс, волейбол, дзюдо, күрес, жеңіл атлетика, мас-рестлинг, үстел теннисі, пауэрлифтинг, жүзу, нысана көздеу, самбо, еркін күрес, садақ ату, тхэквондо, футбол, хапсагай, көркем гимнастика, шахмат, дойбы және т.б.
Жарыс аясында 211 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Жеңіп алған медаль саны жағынан бірінші орынды 114 медаль (49 алтын, 29 күміс, 36 қола) еншілеген Сібір федералдық округінің жас спортшылары жеңіп алды. Ал екінші орынды – Саха Республикасының командасы (27, 34, 36), үшінші орынды (25 алтын, 28 күміс, 36 қола медаль) Қазақстанның балғын спортшылары еншіледі.
Жабылу салтанаты кезінде 2020 жылы Моңғолияда өтетін «Азия балалары» VII халықаралық спорттық ойындары таныстырылып, ойынның ресми туын стадионда Моңғолияның батыры, бокстан әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Пурэвдоржийн Сэрдамба қабылдап алды.