ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «АЗИЯ БАЛАЛАРЫ» ОЙЫНДАРЫНДА ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР СӘТТІ ӨНЕР КӨРСЕТТІ
Саха Республикасының Якутск қаласында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан VI халықаралық «Азия балалары» спорттық ойындарында жерлестеріміз сәтті өнер көрсетті.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, айтулы сында дзюдодан өнер көрсеткен №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің тәрбиеленушісі Бибіхан Нәбиева алтын медаль еншілесе, 70 келіде Ж.Баһадүр атындағы облыста дарынды балаларға арналған мектеп-интернат оқушысы Арайлым Оразбай күміс жүлдеге қол жеткізді.
Сондай-ақ, осы мектеп-интернат шәкірті Нұрай Мұратқызы таеквондодан 44 келі салмақта қарсыластарынан басым түсіп, жеңімпаз атанды.
Айта кетейік, төрт жыл сайын өткізілетін байрақты додаға 45 елден үш мыңнан аса спортшы қатысуда. Ойындар 17 шілде күні аяқталады.