РИО ОЛИМПИАДАСЫНА АТТАНАТЫН АУЫР АТЛЕТТЕРІМІЗДІҢ ТІЗІМІ АНЫҚТАЛДЫ
Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын ауыр атлеттер құрамы анықталды, деп хабарлады «24 кз» арнасы.
8 спортшы кірген тізім Ауыр атлетика федерациясының ресми сайтында жарияланды. Әйелдер құрамасына Маргарита Елисеева, Карина Горичева мен Жазира Жаппарқұл кірді. Ал ерлерден Чонтей Арли, Харки Фархат, Нижат Рахимов, Денис Ұланов пен Александр Зайчиков Олимпиадаға аттанатын болды. Өкінішке орай, бұл тізімде Лондонда топ жарған Илья Ильин, Светлана Подобедова, Майя Манеза мен Зульфия Чиншанло жоқ. Оларды жақында Халықаралық ауыр атлетика федерациясы допинг дауынан кейін спорттан уақытша шеттеткен болатын. Сөйтіп, Олимпиада ойындарында допинг қолданғаны үшін Қазақстан екі лицензиясынан айырылды.