СЫРДАРИЯЛЫҚ НҰРСҰЛТАН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ
Американың Лас-Вегас қаласында гір көтеруден ересектер арасында Әлем кубогы өтті. Аталмыш жарысқа 23 мемлекеттен 150-дей спортшы 7 салмақ дәрежесінде бақ сынады.
Әлем кубогында сырдариялық Нұрсұлтан Көлдеев 63 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдені иеленді, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі. Ол 32 келі гір тасын жұлқа және серпе көтеру жаттығуы бойынша 125 рет бағындырды. Ал командалық эстафетада жеңімпаз атанды.
Нұрсұлтан гір көтеруден ҚР спорт шебері, төрт жылдан бері осы спортпен айналысып келеді. 8 дүркін Қазақстан чемпионы, ересектер арасында Әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленген. Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері. Оның спорттағы толағай табыстарына жаттықтырушысы Жасұлан Өмірбаевтың да үлесі зор.
Айта кету керек, Нұрсұлтан үстіміздегі жылдың қараша айында Германияның Гамбург қаласындағы Әлем чемпионатына және желтоқсанда Павлодарда болатын ҚР Кубогына қатысады.