ЖАҢАҚОРҒАНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТКІЗІЛМЕК
30 қыркүйек – 4 қазан аралығында Жаңақорған ауданында Қазақстан Республикасының жастар арасындағы көкпардан-X, аударыспақтан–X, теңге ілуден–VIII және жамбы атудан-I чемпионаты басталады.
Жастар арасында бірінші мәрте өткізілетін чемпионатқа Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан 14 команда қатыспақ. Аталмыш чемпионатты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығы, Қызылорда облысының дене дене шынықтыру және спорт басқармасы, Жаңақорған ауданының әкімдігі ұйымдастырып отыр. Қызылорда облысынан бес салмақ дәрежесінде 12 көкпаршы, 5 аударыспақшы және 1 теңге ілуші, 2 жамбы атушы спортшылар сынға түседі.
Жарыстың басталуы 30 қыркүйек күні сағат 09.00-де, салтанатты ашылуы 11.00-де. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер диплом, кубок, медаль және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Айте кетейік, 2007 жылы Қызылорда қаласында ересектер арасында көкпардан ҚР чемпионаты өткізілген болатын. Одан кейін жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты Сыр елінде екінші мәрте ұйымдастырылуда.