СПАРТАКИАДАДА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ СУДЬЯЛАРЫ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ
19 – 20 жұлдыздары аралығында Алматы қаласында өткен ҚР Судьялар одағының VІІ спартакиадасының финалдық ойындары өз мәресіне жетті.
Финалдық ойындарға Қызылорда облысының судьялары да қатысты. Ойындар спорттың волейбол, кіші-футбол, үлкен теннис, бильярд (ерлер арасында), үстел теннисі, шахмат сынды түрлерінен өткізілді.
Спартакиадаға үлкен теннистен қатысқан Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айбек Әбу ҚР Судьялар Одағы VІІ спартакиадасының финалдық ойынында жүлделі 2-ші орынды, бильярдтан Қызылорда облыстық сотының судьясы Ахметов Молдабек 3-ші орынды, ал командалық волейбол ойынынан Қызылорда облысының командасы 3-ші орынды иеленіп, арнайы дипломдармен марапатталды.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі