ЖАС КАРАТЭШІЛЕР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНАН ТАБЫСТЫ ОРАЛДЫ
Ақтауда каратэ-додан кадеттер мен жастар арасында өткен Қазақстан чемпионатында жерлестеріміз жақсы өнер көрсетіп, 7 медальмен оралды.
14-15 жас аралығында Кемелбек Қабыланбек (-63 келі, «Қажымұқан» СК)ел жеңімпазы атанса, 18-20 жас аралығында Мөлдір Жаңбырбай (-50 келі, ЖСШМ) күміс жүлдені иеленді.
№2 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің тәрбиеленушілері Марта Ким (16-17 жас, -53 келі), Әділет Оралбек (16-17 жас, +76 келі), Азамат Сансызбай (18-20 жас, +84 келі), жеке катада 16-17 жас аралығында Жалын Орынбек және облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінен Қуандық Мантай (18-20 жас, -60 келі) қола жүлдені еншіледі.
Спортшыларды жарысқа облыстың аға жаттықтырушысы Рүстем Әбжәмиев және жаттықтырушылар Нұрбол Тойшыбаев, Нұржан Ақпанбет, Рүстем Қараевтар дайындады.