ҮМІТ ҮМІТТІ АҚТАДЫ
Арал ауданындағы Жақсықылыш кентінде спорт сүйер жастардың бір шоғыры өсіп келеді. Соның ішінде тоғызқұмалақ сайысынан республикалық, облыстық жарыстарда топ жарып жүрген Үміт Сақташованың есімі ерекше аталады.
Таяуда Үміт тоғызқұмалақтан өткен ҚР Кубогы үшін өткен байрақты бәсекеге қатысып, ІІ орын иеленіп, аудан абыройын асқақтатты. Өренді спорт саласында жеткен толағай жетістіктері үшін аудан әкімі Абзал Мұхимов қабылдап, оған сый-құрмет көрсетті.
Үміт үмітті ақтады. Айта кету керек, бұған дейін Ташкент қаласында өткен тоғызқұмалақ ойынынан қыздар арасында халықаралық дәрежеде жеңімпаз болып, Ақтөбе қаласында жалау көтерген тоғызқұмалақтың ҚР чемпионатында І орынға қол жеткізіп, Тараздағы ауыл жастарының жазғы ойынында да жеңіс тұғырынан көрінген.
Жаттықтырушы ұстазы Нұрлыбек Рысмағамбетов болашағынан зор үміт күттіретін жастың әлі де талай асуларды бағындыратынын сеніммен мәлімдейді.
Шынар БЕКБАН