БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ФУТЗАЛДАН ДӘСТҮРЛІ ТУРНИР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Өткен жексенбіде «Сыр медиа» ЖШС-гі, «Қаламгерлер қауымдастығы» ҚБ, «Қазақстан Журналистер одағы» Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен белгілі журналист Әділхан Бәйменнің рухына арналған БАҚ өкілдері арасындағы футзалдан дәстүрлі турнир өтті.
Биыл үшінші мәрте өткізілгелі отырған турнирде 6 команда бақ сынады. Олардың қатарында «Сыр медиа» ЖШС, «Сыр бойы» газеті, республикалық БАҚ-ың меншікті тілшілері, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы, Қызылорда қоғамдық телеарнасы, баспасөз қызметінен құралған командалар керемет ойын өрнегін көрсетті. Ашылу салтанатында «Сыр медиа» ЖШС бас директорының орынбасары Қуат Шарабидинов, ардагер-журналист, қазақтың қабырғалы ақыны Әскербек Рахымбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, белгілі журналист жайлы толғаныстарын жеткізді.
Турнир қорытындысымен 1 орынды «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы, 2 орынды меншікті тілшілер, 3 орынды «Сыр медиа» ЖШС еншіледі. Ал Бақберген Әбілқасым «Үздік ойыншы» деп танылса, Серік Әбішев «Үздік қақпашы» номинациясымен марапатталды. Барлық жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Шынар БЕКБАН