ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ДА ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҮЛДЕСІНЕ ТАЛАСУДА
Қызылордада мемлекеттік және ведоство қызметкерлері арасында облыс әкімінің жүлдесіне арналған дәстүрлі ХХІ спартакиада шымылдырығын түрді.
22 маусым-7 шілде аралығын қамтитын спорттық бәсекеге арнайы құқық қорғау құрылымдарымен қатар облыс әкімдігінің басқармалары қатысып, спорттың 9 түрінен бас сынасуда. Байрақты бәсекеден Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті де қалыс қалмай, алғашқы күні-ақ тыңғылықты дайындықпен келгендіктерін көрсетіп, әр спорт түрінен үздік нәтижелер көрсетуде.
Мәселен, жарыстың бірінші күнінде өткізілген арқан тарту сайысында қарсыластарын айқын басымдықпен жеңген департаменттің құрама командасы, І орынды қанжығаларына байласа, екінші күні де волейбол турнирінің ақтық ойынында Төтенше жағдайлар департаментінің құрама командасын жеңіп, І орын иегерлері атанды.
Ал шахматтан өткен жарыста ІІІ орын үшін таласта ОІІД командасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің командасымен кездесіп, есе жіберіп алды. Нәтижесінде VI орынға тұрақтады.
Тағы бір сайыс – пневматикалық мылтықтан атудан Қызылорда ОІІД-нің қызметкерлері алдарына жансалмайтынын дәлелдеп, қарсыластарын сыпыра жеңіп, І орынды қанжығаларына байлады.
Аталмыш спорттық дода шілде айының 7-не дейін жалғасатын болады. Алғашқы күні-ақ Ішкі істер департаментінің құрама командасы үшін жеңісті басталған жарыс әрі қарай да жемісті болары сөзсіз.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі