ҚЫЗЫЛОРДАДА ХХІ-ДӘСТҮРЛІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР СПАРТАКИАДАСЫ БАСТАЛДЫ
22 маусымында Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен ХХІ-дәстүрлі мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиада басталды.
Іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік қызметшілердің спорттық мүмкіндіктерін анықтау және патриоттық сезімін тәрбиелеу.
Спартакиаданың салтанатты ашылуын алғы сөздерімен Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Жазира Жылқышиева және облыстық маслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов ашып, спартакиадаға қатысушыларға сәттілік пен жақсы ойын тіледі.
Екі аптаға созылатын сайыста облыстың 24 мемлекеттік мекемелерінен 300-ден астам қатысушылар пневматикалық винтовкадан ату, үстел теннисі, шахмат, бильярд, арқан тарту, шағын-футбол, волейбол тоғызқұмалақ және жүзу сияқты спорттың 9 түрі бойынша күштілер атағына жарысады.
Бірінші күнгі жарыстың қорытындысы бойынша арқан тартудан сайыс аяқталды. Нәтижесінде 1-топта I орынды облыстық ішкі істер департаменті жеңіп алса, II орынды шекара қызметі ә/б 2019, III орынды облыстық білім басқармасы иеленді.
2-топта ақпараттық технологиялар орталығының қызметкерлері жеңімпаз атанды. II орынды мемлекеттік қызмет істер департаменті жеңіп алса, III орынды облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының командалары еншіледі.